Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Анықтамалық материал

1999 - 2012 жылдары аралығындағы
шетел азаматтарымен асырап алынған балалар туралы мәліметтер
(«Неке және отбасы туралы» ҚР Заңын жүзеге асыру бойынша)

асырап алынғандардың  барлығы

оның ішінде:

ҚР азаматтарымен

шетел азаматтарымен

шетелдік туыстарымен

47421

38068

8806

547

2013 - 2017 жылдары аралығындағы
шетел азаматтарымен асырап алынған балалар туралы мәліметтер
(Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты
ынтымақтастық туралы Гаага конвенциясын ратификациялағанға дейін)

асырап алынғандардыңбарлығы

оның ішінде:

ҚР азаматтарымен

шетел азаматтарымен

ТМД елдері мүшелерінің азаматтарымен

шетелдіктуыстарымен

12420

12192

138

14

76

БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАЛУ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ БОЙЫНША ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУ

2017 жылы Қазақстанда балалардың құқықтық қорғалу жағдайын бағалау  мақсатында Комитет тапсырысы бойынша «Қоғамдық пікір» зерттеу институты «Балалардың құқықытық қорғалу деңгейін  анықтау бойынша әлеуметтік зерттеу өткізді.

Зерттеу 14 облыста және Алматы, Астана қалаларында өткізілді.

Зерттеудің сандық (сауалнамалау) және сапалық (терең сұхбат) әдістерімен өткізілді. Сауалнама арқылы 1450 респондентке сұрақтар қойылды: 10 жастан 17 жасқа дейінгі 1000 бала (оның-200-і тәрбиеленушілер), ата-аналар (150 респондент), педагогтар (150) және оқу-тәрбие мекемелерінің өкілдері.

 Сапалық зерттеу үшін 50 сарапшы мен орта білім саласының мамандарына терең сұхбат жүргізілді. Дала жұмыстары 2-өлшемде 2017 жылы тамыз және қазан аралығында жүргізілді.

Зерттеу шеңберінде Балалардың құқықтық қорғалуының деңгейі бағаланды, балалардың өз құқықтарын білу деңгейін және оларды тәжірибе жүзінде қолдану деңгейі,  ата-аналармен, мұғалімдермен, тәрбиешілермен және бала тәрбиесіне қатысатын басқа да тұлғалармен, мемлекеттік қызмет өкілдерімен БҰҰ бала құқықтары туралы Конвенцияның негізгі ережелерін орындалуы анықталды.

Әлеуметтік зерттеу қорытындысы бойынша «Қоғамдық пікір» зерттеу институтымен ұсынымдар әзірленді, сондай-ақ  ата-аналар, органдар  және білім беру ұйымдарының бала құқықтарын қорғау мәселесімен айналысатын мамандар үшін «Қазақстандағы балалардың құқықтық қорғалу деңгейі» әдістемелік құралы әзірленді және баспадан шығарылды. 

Көшірмеге сілтеме: БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАЛУ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ БОЙЫНША ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУ

Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы 2018 жылдың 1 тоқсанына арналған нәтижелер мен 2018 жылдың соңына дейінгі қызметтердің басымдықтары

2017 жылғы жағдайы бойынша жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәлімет
(жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша)


БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ 2017 ЖЫЛҒЫ НӘТИЖЕЛЕР ЖӘНЕ 2018 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ