Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

ҚР Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиcсия


Балаларға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездік көрсетудің алдын алу жөніндегі 2019 – 2021 жылдарға арналған ведомствоаралық бірлескен іс-қимыл жоспары


Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық 
комиссияның 15 отырысына қатысты

2014 жылғы 10 желтоқсанда өңірлерді қосу арқылы бейнеконференцбайланыс режимінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - ВАК) 15-інші отырысы өтті. Отырыста кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықты алдын алу және қылмыстылықтың жағдайы туралы мәселелер қаралды.

ВАК жұмысына ВАК-тың мүшелері, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, білім және ғылым, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, ішкі істер, сыртқы істер, инвестициялар және даму, ұлттық экономика, мәдениет және спорт министрліктерінің, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

ВАК қорытындысы бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға кәмелетке толмағандар арасында суицидтің және қылмыстылықтың алдын алуы бойынша қосымша шаралар қабылдау жөнінде нақты ұсынымдар тұжырымдалды.