Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жоспарлау, үйлестіру, талдау және статистика

Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы 2017 жылдың 2 тоқсанына арналған нәтижелер мен 2017 жылдың соңына дейінгі қызметтердің басымдықтары

І. БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАР:
 
Комитетте 2017 жылы 3 нормативтік құқықтық акт әзірленіп, қабылданды ( ҚР БҒМ-нің 3 бұйрығы, тізімдері қоса берілді).
II. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ  ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ:
Комитетте стратегиялық  жоспардың 2 индикаторы бекітілген.
Индикатор «Балалардың өздерінің құқықтары мен міндеттері туралы хабардарлық деңгейі», 2017 ж. жоспар бойынша - 72% (2016 ж.- 68%).
Индикатор «Жыл сайынғы, қазақстандық азаматтардың отбасыларына берілген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйым тәрбиеленушілерінің үлесі» жоспар бойынша – 2017 жылы-19%, а.ж. 1 шілдедегі жағдайы бойынша - 5,2% (2016 ж.-15%, факт-21%, жоспар-1076, факт-1726). 
Білім беруді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру кезінде іс-шаралар - 3.  Ыстық тамақтандыруды ұйымдастырудымониторингілеу, оқушылардың тамақтану мәдениетін қалыптастыру, тұрмысы төмен және көп балалы отбасылар балаларының, жетім балалардың, девианттық мінез-құлықты балалардың мәдениет және спорт ұйымдарына баруы үшін берілетін жеңілдіктер (тегін абонементтер) ұсыну.
«Балаларды орта білімммен қамту» көрсеткіші.
2016-2017 оқу жылының қорытындысы бойынша 483 бала 10 күн және одан да көп күндері себепсіз сабақтан қалғаны анықталды, бұл дегеніміз оқушылардың жалпы санынан 0,01%-ды құрайды.
Өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша  сабаққа бармаған 483 баланың 306-сы мектепке қайтарылды. 177 оқушы оқу жылының соңына дейін сабаққа қатыспауда (2015-2016 жж. салыстырғанда-181 бала).
Балалардың мектепке бармауының негізгі себептері кәмелетке толмаған балалары бар отбасылардың басқа өңірлерге және басқа елдерге кетуі (78 бала), іздеуде жүрген балалар (48 оқушы), балалардың білім алуға ниетінің болмауы (48 бала), кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталыққа 2 бала орналастырылды,1 оқушы іздестірілуде.
Әлеуметтік жағдай бойынша 10 және одан да көп күндер бойы мектепке себепсіз бармаған 50 бала-аз қамтылған отбасыдан шыққандар, 65 бала-жағдайлары төмен отбасылардан шыққандар, 20 бала-басқа санаттағы отбасылардан. 42 бала - жағдайлары жақсы отбасылардан.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 13 ата-ана өздерінің міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» туралы Кодексінің 409 – бабы, 127 – бабының, 3 тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 11 іс кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия отырысында қарастырылды, 8 іс сотқа қарау үшін берілді, 3 ата-ана ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 75 бабына сәйкес ата-аналық құқығынан айырылды.
Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының қызметін үйлестіру
Республикада 20 кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы жұмыс жасайды. 2017 жылдың 2 тоқсан қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 1684 кәмелетке толмаған бала орналастырылды, оның ішінде  166 - ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар, 1490 - бақылаусыз және қадағалаусыз қалғандар, 6 - девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы ұйымдарға жіберілгендер, 22 - өмірдің қиын жағдайына тап болған кәмелетке толмағандар.
Келіп түскен кәмелетке толмағандардың санынан 1556 бала орналастырылды: олардың ішінде 1473 кәмелетке толмаған бала отбасыға орналастырылды, 43 - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарға жіберілді, 14 балақамқоршылыққа берілді, 6- бала патронаттық тәрбиеге берілді,  8- бала арнайы мектептерге жіберілді, 4- бала басқа облыстардағы бейімдеу орталықтары үлгісіндегі ұйымдарға жіберілді, 1- бала  басқа елдердегі бейімдеу орталықтары үлгісіндегі ұйымдарға жіберілді және 7- қонақ отбасыларға берілді. Барлық бейімдеу орталықтарында отбасыларды қолдау қызметі жұмысы жасайды.
34 ата-анаға және 36 кәмелетке толмағандарға құжатты рәсімдеу сұрағы бойынша көмек көрсетілді, 68 ата-ана мен 50 кәмелетке толмағандарға кеңестер берілді. 9 отбасы, 10 оқу орны және 4 жетім балаларға арналған ұйымдар тексерілді.

III. ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ӨТУІ:
Ведомствоаралық әрекеттестік шеңберінде, сондай-ақ 2017 жылға арналған  ҚР БҒМ және Комитет жоспарының орындалуы бойынша балалардың құқықтарын қорғау саласында 36 әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар (2016 ж.- 36) өткізілді.
1) Білім беру ұйымдары мен органдарының басшыларына арналған балаларды жазғы демалыспен қамтамасыз ету мәселесі бойынша республикалық ведомствоаралық кеңесі (6 сәуір).
2) «21-ші ғасырдың балалары: біздің құқықтарымыз бен мүмкіндіктеріміз» атты Ақмола облысында қоғамдық ұйымдардағы балалар  мен жастар көшбасшысының 7-ші саммиті (11-14 мамыр).
3) «Азаптаудың алдын алу, қазақтандық және халықаралық тәжірибе» ұлттық превентивті тетіктің форумы (16-17 мамыр).
4) халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «НҰРЛЫ БОЛАШАҚ» республикалық акциясы (20 мамыр және 15 июня).
5) балаларды қорғау күніне арналған 100 балаға арналған қайырымдылық іс-шаралар (1 маусым).
6)  «Нұрлы болашақ» республикалық акциясы шеңберінде брифинг (1 маусым).
7) Төмендегі мәселелер бойынша 13 жиналыс өткізілді:
Мемлекеттік органдардың қадағалау және бақылау функциялары бойынша (6 сәуір, 28 сәуір);
Мемлекет басшысының соңғы тапсырмаларында көрсетілген мақсаттарға жету үшін балалар мен жастар арасында өткізілетін іс-шараларды талқылау бойынша (17 сәуір);
ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының бастамасымен «Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды іске асыратын ұйымдардың қызметтері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасын талқылау (28 сәуір, 5,10,16 мамыр);
«Балаларды олардың денсаулығы мен дамуына зиянын тигізетін ақпараттардан қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы жобасын талқылау (16  мамыр);
Балалардың жазғы демалысқа дайындығын талқылау (22, 23, 24 мамыр);
«Балаларға зорлық-зомбылық көрсетудің барлық түрінен қорғау бойынша шаралар» (24 мамыр);
«Әлеуметтік бонд» қағидалар бойынша әлеуметтік жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін пысықтау (1 маусым).
7) 4 дөңгелек үстел:
«Әйелдер мен балалардың құқықтарына қасақана қол сұғылған, бас бостандықтарынан айрылған осал топтағылар үшін әділ сотқа қол жетімділік» (23 мамыр);
«ҚР кәсіпкерлікті жауапкершілікпен басқарудың тәжірибесі мен саясатын дамытуға ықпал ету» (26 мамыр);
«Әйелдер мен балалардың құқықтарына қасақана қол сұғылған, бас бостандықтарынан айрылған осал топтағылар үшін әділ сотқа қол жетімділік» (1 маусым);
«Балалар туралы мәліметтер, балаларға арналған мәліметтер» (2 маусым).
14) 15 мәселелер бойынша отырыс:
2016-2019 жылдарға арналған азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакты жөнінде Қазақстанның екінші мерзімдік баяндамасына БҰҰ адам құқықтары жөніндегі Комитеттің және адам құқықтары жөніндегі әмбебап мерзімдік шолу шеңберінде БҰҰ мемлекеттік мүшелердің ұсынымдарын іске асыру бойынша ҚР Үкіметінің іс-шараларын талқылау (18 сәуір);
Мемлекеттік қызметті автоматтандыру, үкіметтік электрондық портал арқылы (18 сәуір, 3, 31 мамыр);
Тамақтандыруды ұйымдастыру ережелерінің нормаларын түсіндіру және Қызылорда облысының білім беру органдарының қызметкерлері үшін өтініштерді қарастыру, аталған өңірге бару арқылы (21-22 сәуір);
«Балаға мейірімді Қазақстан» (27 сәуір);
Қарауында кәмелетке толмаған балалар бар отбасыларға ипотекалық қарыз беру проблемасы (28 сәуір);
АҚ «Тұрғын-үй құрылыс жинақтау банкі» жүйесі арқылы жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету  (3 мамыр);
ҚР-да асырап алу бойынша аккредиттеу агенттігі (10-12 мая);
«Балалардың құқықтарын қорғау  саласындағы өзекті мәселелер» (18-19 мамыр);
Қадағалау бақылау функцияларын азайту (31 мамыр БП бағыты бойынша);
14) 5 телевизиялық бағдарламаларға қатысу:
«Еуразия» телеарнасында «Пендеміз ғой» бағдарламасы (25 сәуір);
Балалардың қауіпсіздігі бағдарламасында «Давайте говорить» ток-шоу (4 мамыр);
Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «Еуразия», «Хабар», «Қазақстан» телеарналарында сұхбат (12, 29, 30);
«Нұрлы болашақ» республикалық акциясы шеңберінде брифинг

IV. ЕСЕПТІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛГЕН НЕГІЗГІ НӘТИЖЕЛЕР:

  1. 2017 жылдың 1 жарты жылдығының нәтижесінде 374жетім балалар мен ата-анасының  қамқорлығынсыз қалған бала қазақстандық отбасыларға қамқорлыққа және қорғаншылыққа (55), патронаттық тәрбиеге (125), асырап алуға (32), қабылдаушы отбасына (55) асырау алуға  берілді.

Туған отбасыларына 107 бала қайтарылды. 
Республика бойынша жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны - 28 419:
Қамқоршылықта-19 321,
Патронаттық тәрбиеде-1 862,
Ұйымдарда – 7 236.
2. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны артты (2006-2013 жж. аралығында-1441, 2014ж.-951, 2015 ж.-1169), 2016 жылы -1486, оның ішінде балалар үйінің тәрбиеленушілері - 620
3. Ыстық  тамақ 6071 (86,9%) мектепте 2 638 143 (94,3%) балаға  ұйымдастырылды. 2016 жылы ыстық тамақпен аз қамтылған отбасыдан шыққан 255 023 (100%) бала қамтылған. 
4. 2015-2016 оқу жылында білім беру ұйымдары жоқ 1539 елді мекендерде 22 278 (97,8%) оқушыны тасымалдау ұйымдастырылған. Тасымалдауға қатысты қажеттілік 186 бірлікті құрайды. Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында балаларды мектепке дейін және мектептен үйлеріне тасымалдау ұйымдастырылмаған.
5. Балалардың құқықтарының бұзылу фактыларын анықтау, балалар еңбегін қанау, панасыздық пен қадағалаусыздықтың алу мақсатында, сондай-ақ «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» ҚР Заңын іске асыру мақсатында республикада тоқсан сайын «Түнгі қаладағы балалар» атты рейдтер  өткізіледі.
2017 жылдың 2 тоқсаны бойынша 847 рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды және өткізілді, оған 16 567 адам (білім беру ұйымдарының, ішкі істер, денсаулық сақтау органдарының, үкіметтік емес үйымдарының, балалар жастар қауымдастығы, ата-аналар қоғамдастығының өкілдері) қатысты.
Есепті кезеңде 11-мыңнан астам нысандар тексерілді (702-саяжай мен саяжай шаруашылығы, 567-фермерлік шаруашылық, 1895-жағдайы төмен отбасы, 1547-үйдің жертөлесі, 965-темір жол және автобус вокзалы, 2118-ойын-сауық орны, 1989-компьютер салоны, 987-шағын аудандар мен базарлар, 1216-авто жуу, авто жанармай станциялары).
Ағымдағы жылдың 1-12 маусым аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12-күндік күрес» атты 12-ші ұлттық ақпараттық компаниясы өткізілді. 26 480 ақпараттық-түсіндірме іс-шаралары өткізілді, оның ішінде 1 487  конференция, 2847 семинар-тренинг, 1708 дөңгелек үстел, 4 510 тақырыптық көрмелер, 2 365 кездесу, 994 дискуссия, 1 723 дебаттық турнир, 4 031 акция, флеш-моб, 6 657 суреттер, шығармалар конкурсы. БАҚ құралдарында 100 бағдарлама ұйымдастырылды және 891 мақала жарық көрді. 5 611 рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды, аталған іс-шаралардың шеңберінде 10 748 нысан тексерілді, 7 кәмелетке толмаған бала авто жанармай құю станцияларында жұмыс жасайтыны анықталды, 97 бала ата-анасының қарауынсыз түнгі уақытта далада жүрген. Барлық іс-шаралармен 2 млн. кәмелетке толмағандар және 300 мың ересек адамдар қамтылды.
6. Бүгінгі таңда сайттың дизайнын жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2017 жылдың 2 тоқсанында веб-сайтқа 30 мыңнан аса интернет желісін қолданушылар кірген.
Комитеттің жұмыстары орналастырылған әлеуметтік желілерде ресми аккаунттар құрылып, жұмыс жасайды.
Балалардың құқықтары  мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру үшін БАҚ құралдарында балалар туралы 93-тен астам негативтік мақалаларға мониторинг жүргізілді (Ақтөбе облысыныда-20, Алматы облысында-15, ШҚО-16, ОҚО-13, Алматы қаласында-8).
«Төрағаның блогына» келіп түскен өтініштерді орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2017 жылғы 2 тоқсан бойынша төрағаның блогына 53 өтініш келіп түсті.
7. Сенім телефонына хабарласқан 363 өтініш бойынша шаралар қабылданып, түсіндірмелер берілді,  Комитет төрағасының блогына 53 өтініш келіп түсті және 107 заңды және жеке тұлға жазбаша өтініштерге жазбаша жауап берілді (20- заңды тұлға, 89 жеке тұлға).

8. Комитеттегі құжат айналым 2637  бірлікті құрайды,  оның ішінде ҚР Президенті Әкімшілігінен-14, Премьер-Министрінің кеңсесінен-18, Парламенті Мәжілісінен-7 (барлығы-50 бірлік) (2016 ж.-641, ПӘ-4,ПМК-55,ПМ-7,барлығы-67 бірлік). 
9. 12 келісім-шарт бекітілді, олардың ішінде 2 маңызды ұсыныстарды сұрату, бір көзден – 9, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде-1.
Мемлекеттік сатып алу жоспарында қарастырылған жоспарланған мемлекеттік сатып алуға өткізілген мемлекеттік сатып алу саны Комитет бойынша 100%-ды құрайды.
Бюджеттік жоспарлау
Төлем бойынша қаржыландыру жоспарында 2017 жылғы қаңтар-маусым  айлары аралығында 180 816,1 мың теңге, оның ішінде 178 702,3 мың теңге немесе 99 % игерілді.

V. 2017 жылғы 2 тоқсанға арналған НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАР:

  1. Нормативтік қызметтер:

3 нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және іске  асыру бойынша жұмыстар жалғасатын болады.
«Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 33 бұйрығы;
«Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы»;

«Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығы.

2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының индикаторлары
3) әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды өткізу және ақпараттық-насихаттық жұмыстар. Олардың ішінде негізгі іс-шаралар:
Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған білім беру ұйымдары мен кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының басшыларымен семинар-кеңес;
ҚР Үкіметі жанындағы балалардың құқықтарын қорғау бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысы;
«Балаға мейірімді-Қазақстан» атты республикалық форум фестивалі;
«Отбасы-бақыт мекені» отбасы күніне арналған апталығы;
Отбасы күніне арналған «Отбасы-бақыт мекені» атты апталығы;
«Бала құқығы адам құқығы» атты бүкіл әлемдік бала күніне арналған он күндік;
 «Зорлық-зомбылықтың алдын алу және оларға назар салу» атты үлгілік бағдарламаны іске асыру;
Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу бойынша жобаларды енгізу;
«Мектепке жол», «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ», «Түнгі қаладағы балалар», «Қуан сәби», «Балаларға қамқорлық сыйла», «Ризашылық» акциялары;
Әдістемелік, ақпараттық материалдарды шығару («Қазақстан балалары» журналы; «Балалардың құқықтық орғалу деңгейі» атты әлеуметтік зертеу).

4) АҚПАРАТТЫҚ-ИМИДЖДІК ҚЫЗМЕТ:

Отбасын қолдау қызметі
«Балаларға мейірімді-Қазақстан» форум-фестивалі
«Каникулда – отбасыға»
«Табысты болу құқығы», «Өзіңнен баста»
«Балалар  бастауы-2017»

5) АҚПАРАТТЫҚ-ИМИДЖДІК ҚЫЗМЕТ:   
«Қазақстан балалары» журналын шығару
Әдістемелік, ақпараттық, буклеттер, жинақтар
БҚҚК, ҮЕҰ, әлеуметтік желілердің интернет-ресурстарын пайдалану     Конференция, брифингтер, интервью, ток-шоу
PR-кампания «Әрбір балаға отбасы»
Адамның рухани-адамгершілік дамуын ақпараттық-насихаттық сүйемелдеу
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін іске асыру бойынша ақпараттық-насихаттық  жұмыс
Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ақпараттық-насихаттық  компания.

2017 жылғы 1, 2 тоқсан бойынша кестелік талдау

 2017 жылғы 1, 2 тоқсан бойынша Комитеттің қоғамдық маңызы бар іс-шараларға талдау жасау

 Іс-шара  

тоқсан

тоқсан

тоқсан

тоқсан

НҚА әзірлеу

4

3

  

жиналыстар

1

15

отырыстар

10

17

дөңгелек үстелдер

 5

семинарлар

1

2

конференциялар

1

кездесулер

3

фестивальдар, конкурстар

басшылардың өңірлеге баруы

2

2

теле
бағдарламаларға қатысу

4

7

брифингтер

1

1

сұхбаттар

республикалық іс-шаралар

2

1

акциялар

2

2

сауалнамалар

диалогтық алаңдар

презентациялар

он-күндік

1

барлығы

31

56

2017 жылдың 1,2 тоқсан бойынша сенім телефонына келіп түскен өтініштер туралы мәлімет


Тақырыбы

тоқсан

тоқсан

білім

80

75

Неке-отбасылық

124

89

әлеуметтік

14

9

Тұрғын-үй

16

12

Құқықтардың бұзылуы

45

32

Денсаулық сақтау

11

7

анықтамалық

20

45

МОЖАО бұзушылық

45

30

барлығы

355

299

2017 жылғы 1 жартыжылдық бойынша Комитеттің 
құжат айналымы туралы мәлімет

жартыжылдық

тоқсан

тоқсан

кіріс

5130

шығыс

1506

ҚР ПӘ

29

ҚР ПМК

34

ҚР ПМ

32

Заңды және жеке тұлғалар

216
(41-зт., 175-жт)

Төрағаның блогы

138

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру

2017 жылдың-2-тоқсан қорытындысы бойынша

Қазақстандық отбасыларға, қамқоршылық, қорғаншылыққа, патронат тәрбиеге, асырап алуға, оның ішінде халықаралық асырап алуға

374 
қамқорлыққа және қорғаншылыққа (55), патронаттық тәрбиеге (125), асырап алуға (32), қабылдаушы отбасына (55) асырау алуға, туған отбасыларына (107) бала. 

Бақылау функцияларын іске  асыру

Тексерулер

тоқсан

тоқсан

тоқсан    

тоқсан

3 жоспардан тыс

Тізіміне оралу