Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

"Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы"

2018 жылғы 12-16 наурыз аралығында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курсының өткізілуі туралы ақпарат

Ағымдағы жылғы 12-16 наурыз аралығында Алматы қаласында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының (бұдан әрі – «Бөбек» ҰТББСО) базасында Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі басшы кадрларға арналған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курсы өткізілуде. Курстың тақырыбы - «Өзін-өзі тану» пәнінің ғылыми-әдістемелік негіздері». Сағаттық жүктеу көлемі 36 сағатты құрайды. Оқыту тілі: қазақ және орыс тілдерінде. Тыңдаушылар санаты пилоттық білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарлары, барлық деңгейдегі білім беру органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары болып табылады. Курстан өтуге еліміздің барлық өңірлерінен 50 адам қатысуда. «Бөбек» ҰТББСО-ның мекенжайы: Алматы қаласы, «Дарын-1» ықшам ауданы, 47-үй, тел./факс: 8-(727)-247-26-15, 247-25-28, ішкі. 124.

Тізіміне оралу