Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

"Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша республикадағы білім беру ұйымдарында ашық сабақтың өткізілуі туралы баспасөз хабарламасы

2018 жылғы 12 ақпанда «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндігінің  (2018 жылғы 1-12 ақпан аралығы)шеңберінде еліміздің білім беру ұйымдарында оқу күнінің I, II ауысымдарының бірінші сабақтарында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша ашық сабақтар өткізілді.

Ашық сабақтың мақсаты – балалардың адамгершілік-рухани тәрбиелеу жүйесін дамыту, олардың азаматтық мәдениет дағдыларын жетілдіру.

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы және рух беруші Сара Алпысқызының бастамасы бойынша республиканың барлық өңірлердегі 71 білім беру ұйымда жалпы оқу-тәрбие процесінде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын біріктіру жөніндегі жоба жүзеге асырылуда.

Бағдарлама оқушылардың кең ауқымды әлеуметтік рольдерді, өмірлік және білім беру стратегияларды, ерекше моральдық-құндылық бағдарларға басшылық жасауды меңгеруге бағытталған және отбасы институтын нығайту, қоғамымыздағы зорлық-зомбылықты, сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою сияқты көкейкесті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Астана қаласындағы №59 мектеп-лицейінде ұйымдастырылған «Өзін-өзі тану» пәнінен өткен ашық сабақтарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Н.Ә. Оршубеков қатысты.

Аталған білім беру ұйымында ашық сабақтар: бастауыш сыныптарда (1-4 сыныптар) – «Өзін-өзі тану әлемінде», орта буында (5-7 сыныптар) – «Алтын жүрек анамыз», жоғары сыныптарда (8-11 сыныптар) – «Ізгілік бесігін тербеткен Ана» атты тақырыптар негізінде өткізілді.

Ашық сабақтар барысында оқушылар «Өзін-өзі тану» әлеміне тағы бір мәрте саяхат жасай отырып, бойларына адамгершілік қасиеттерді, рухани құндылықтарды және жақын адамдарға деген мейірімділікті сіңірді.

Тізіміне оралу