Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

"Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы

«Жүректер үндестігі» клубының кеңейтілген отырысы туралы

2013 жылдың 8 қазаны күні Астана қаласы Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасы  адамның рухани және адамгершілік дамуы бағдарламасын жүзеге асыру аясында  «Жүректер үндестігі» клубының кеңейтілген отырысын өткізді.

Мақсаты: өзін-өзі тану пәнін оқытуда педагогтардың кәсіпқой шеберлігін  қалыптастыруды  арттыру. 

Аталған отырысқа Астана қаласы Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқарманың мамандары және қала мектептерінің өзін-өзі тану пәні бойынша «Жүректер үндестігі» клубына мүшелікке қабылданған 50-ден аса  педагогтар қатысты (мектепке дейінгі мекемелер,  қала мектептері,  колледж, ЖОО).

Астана қаласы  Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасының басшысы Римма Асымқызы Иманғазинова өз сөзінде өскелең ұрпаққа  рухани-адамгершілік тәрбие берудің негізі өзін-өзі тану пәні оқушылардың жеке қабілетін дамытуға және жеке тұлға ретінде қалыптастыруына зор ықпал ететіндігіне тоқталды.

Басқарманың бас маманы Л.Ш. Темірлина «Жүректер үндестігі» клубының жұмысы туралы айтып, 2013-2014 оқу жылының жоспарымен таныстырды.

Отырыс барысында  «Жүректер үндестігі» клубының мүшелері № 55  «Қарақат»  бала бақшасының психологі С. Сулейменова мен  № 37 ОМ қазақ тілі пәнінің мұғалімі Г.Нұрқабыл  «Таныстыру» тақырыбына тренинг өткізді.

«Жүректер үндестігі» клубының мүшелері өзін-өзі танушылар ән ұраны айтылды. Қатысушыларға әдістемелік ұсынымдар мен үлестірмелі материалдар таратылды.

Отырыстың соңында Римма Асымқызы өзін-өзі тану пәнінен  Астана қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында 2013 жылғы 21 қазан мен  01 қараша аралығында  ақысыз оқыту курсы  өтетіндігін хабарлады.

2013-2014 оқу жылының жоспары аясында 2013 жылдың 16 қазан айында №22 МГ өзін-өзі тану пәнінен  алғашқы ашық сабақ өтеді.      

Аталған іс шара өз жұмысын жалғастыруда.

Тізіміне оралу