Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жаңалықтар мен оқиғалар


«Оқушылар арасында суицид әрекетін болдырмау және азайту үшін ата-аналарды агрессивтілікті жеңуге, жақын адамдармен қарым-қатынаста ыза, ашусыз және ренжітпей өз сезімдерін білдіре алуға үйрету қажет»

«Оқушылар арасында суицид әрекетін болдырмау және азайту үшін ата-аналарды агрессивтілікті жеңуге, жақын адамдармен қарым-қатынаста ыза, ашусыз және ренжітпей өз сезімдерін білдіре алуға үйрету қажет»

2019 жылғы 18 наурызда ҚР Білім және ғылым министрі К.Н.Шәмшидинованың төрағалығымен өңірлердің бейнеконференцбайланыс режимінде қосылуымен Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - ВАК) кезектен тыс отырысы өтті. ВАК отырысының жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасының Балалардың құқықтары жөніндегі уәкілі С.М.Айтпаева, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың және үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты. ВАК кезектен тыс отырысының мақсаты - кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алуға бағытталған жедел шаралар кешенін қабылдау. Бүгінгі таңда кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлық өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Оқушылар мектеп психологтары мен педагогтардың көмегіне сирек жүгінеді. Оқушылар арасында суицид әрекетін болдырмау және азайту үшін ата-аналарды агрессивтілікті жеңуге, жақын адамдармен қарым-қатынаста ыза, ашусыз және ренжітпей өз сезімдерін білдіре алуға үйрету қажет. Министрлік тарапынан жергілікті атқарушы органдардың алдын алу жұмыстарының жай-күйіне талдау жасалды, өңірлерге сапарлар, педагогтар мен ата-аналармен кездесулер ұйымдастырылды. Жүргізілген талдаудың нәтижелері балалардың аутодеструктивті мінез-құлқына көбінесе отбасындағы түсініспеушілік пен ата-аналардың балаларына көңіл бөлмеуі себеп болатынын куәландырады. Отырыс қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленді. Анықтама үшін. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметтері бойынша 2019 жылғы 18 наурыздағы жағдай бойынша кәмелетке толмағандар арасында 23 аяқталған суицид және 81 суицид әрекеті тіркелді. 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда суицидтер саны 17,9% - ға төмендеді (2017ж. - 28), суицид әрекеттерінің саны 47,3% - ға артты (2017ж. – 55).
Тізіміне оралу