Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жаңалықтар мен оқиғалар


2018 жылғы Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы Баяндама

2018 жылғы Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы Баяндама

Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бұйрығын және Мемлекеттік органдардың Мемлекет басшысының атына берілетін 2018 жылға арналған ақпараттар, баяндамалар және есептер ұсыну кестесін орындау үшін дайындалған. Баяндамада балалы отбасылар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік, денсаулық жағдайын қамтамасыз ету, жұмыспен қамту, бос уақытын ұйымдастыру, білім, тәрбие, даму саласында балалардың өмірлік іс-әрекетінің негізгі аспектілірін сипаттайтын, сондай-ақ балалардың жағдайын жақсартуға бағытталған шаралар туралы негізгі индикаторлар бойынша Қазақстандағы балалардың құқықтарының қорғалуы мен олардыңжағдайы туралы ақпарат ұсынылған. Сонымен қатар 2018 жылы балалардың құқығын қорғау саласында ұлттық заңнаманың даму мәселелері, Бала құқығы туралы Конвенция мен басқа да халықаралық шарттар ережесі туралы құқықтық ақпараттандыру, балалар құқығын қорғау саласындағы халықаралық тәжірибеге қатысты мәселелер көрсетілген. Баяндаманы әзірлеу барысында және балалардың басты құқықтарының жүзеге асырылуы туралы бастапқы деректер жинау үшін тереңдетілген сұхбат және сауалнамалық сұраулар әдістерімен, соның ішінде балалар құқықтарын қорғау комитетінің сайтындағы он-лайн сауалнамалық сұрау арқылы әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Баяндаманы балалардың жағдайы мен құқықтарын қорғау саласын жақсарту үшін балалармен жұмыс жасайтын мамандар, Қазақстанның әр түрлі министрліктері мен ведомстволары, үкіметтік емес ұйымдары, халықаралық сарапшылар, БАҚ, ата-аналар қауымдастығы, өзге де мүдделі тұлғалар қолдана алады. Сілтеме: http://bala.edu.gov.kz/main/profile/planning-coordination-analysis-and-statistics/48/
Тізіміне оралу