Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жаңалықтар мен оқиғалар


«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы тәрбиелеу және оқыту жүйесінің мақсатын, мазмұнын, сондай-ақ жұмыс істеуінің инновациялық тәсілдерін айқындайды

«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы тәрбиелеу және оқыту жүйесінің мақсатын, мазмұнын, сондай-ақ жұмыс істеуінің инновациялық тәсілдерін айқындайды

2019 жылғы 12 ақпанда «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндігінің (2019 жылғы 1-12 ақпан аралығы) шеңберінде еліміздің білім беру ұйымдарында оқу күнінің I, II ауысымдарының бірінші сабақтарында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша сабақтар өткізілді. Астана қаласындағы №22 мектеп-гиназиясындағы «Өзін-өзі тану» пәні бойынша сабаққа Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Е. Ерсаинов қатысты. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы білім алушылардың үйлесімді зияткерлік және адамгершілік-рухани дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелеу және оқыту жүйесінің мақсатын, мазмұнын, сондай-ақ жұмыс істеуінің инновациялық тәсілдерін айқындайды.
Тізіміне оралу