Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жаңалықтар мен оқиғалар


Атырау облысы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесіне қатысу туралы

Атырау облысы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесіне қатысу туралы

2018 жылдың 24 тамыз айында Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Н. Оршубеков «Төртінші өнеркәсіп революция жағдайындағы адами капиталды дамыту» тақырыбындағы Атырау облысында өткен  білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесіне қатысты.       

Кеңеске 300-ден астам педагогикалық қызметкерлер қатысты, сондай-ақ облыс әкімі Н.Ноғаев, маслихат депутаттары, білім беру мекемелерінің басшылары, ҮЕҰ, мемлекеттік органдардың өкілдері ат салысты. 

Кеңесті Атырау облысы бойынша білім саласының жетістіктері, міндеттері мен негізгі міселелерді шешу жолдарымен облыстық білім басқармасының басшысы Кенжеғалиев Қ. сөз сөйлеімен бастады.  Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Н.Оршубеков тыңдармандарыдың көңілін білім саласының барлық деңгейінде қол жеткізген жетістіктермен таныстырды. 

Оршубеков Н.А. мектепке дейінгі, орта білім, кәсіби-техникалық білім алу саласындағы жетістіктерді атап өтіп, үшаусымды, апатты мектептердің мәселелері, жанбасына қаржыландыру және колледждерде кредиттік технологияның енгізілуі туралы айтты.

Облыстағы білім саласына өз бағасын беріп, қорытынды сөзімен Атырау облысының әкімі Н. Ноғаев сөйледі. Өз сөзінде облыс әкімі білім беру, тәрбие үрдісін және білім деңгейлеріндегі сабақтастықты нығайту  үшін нақты  тапсырмалар берді.

Кеңес қорытындысы бойынша облыстың үздік педагогтарын марапаттау рәсімі өтті.

Тізіміне оралу