Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жаңалықтар мен оқиғалар


 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Қ.Аймағамбетов үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Қ.Аймағамбетов үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті

2019 жылы 21 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Балалардың құқықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Кездесудің басты мақсаты - азаматтық сектормен өзара іс-қимылдың жаңа тетіктерін қарастыру және балалардың өмір сүру сапасын қамтамасыз етудің әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету үшін тиімді шаралар қабылдау. ҚР Білім және ғылым министрі өз сөзінде балаларға қатысты зорлық-зомбылық, суицидтер, балаларға қатысты құқық бұзушылықтар, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, бала асырап алу жөніндегі мемлекеттік емес агенттік құру, регламенттеу және жұмыс істеуін қамтамасыз ету, жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, сондай-ақ психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиялардың (ПМПК) және инклюзивті білім беру қызметіне баса назар аудару қажеттілігін атап өтті. Кездесу аясында ҮЕҰ өкілдерінің бірлескен қызметін жетілдіру, мемлекеттік функцияларды бәсекелі ортаға беру, мүмкіндігі шектеулі балалар мен мүгедек балалардың жағдайын жақсарту туралы ұсыныстар тыңдалды. Бүгінде азаматтық сектор балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру мәселелерінде қоғамдық бақылау миссиясын орындайды. Кездесу қорытындысы бойынша бала құқықтары бойынша туындайтын мәселелерге кешенді түрде қолдау көрсету мақсатында ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен Үйлестіру кеңесін құру туралы шешім қабылданды. Үйлестіру кеңесі балалардың құқықтарын қорғау саласындағы әртүрлі бағыттар бойынша жұмыс істейді және тұрақты негізде отырыстар өткізетін болады.
Тізіміне оралу