Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жаңалықтар мен оқиғалар


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметіне байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Заңы қабылданды

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметіне байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы қабылданды

Бұл заңға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары бастамашылық етті және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіруге, сондай-ақ бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған. Түзетулер "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы", "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының кодекстеріне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы", "Мәдениет туралы", «Білім туралы», "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына енгізілді. Заң шеңберінде мыналар қарастырылған: 1) денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің міндеттерін енгізу кәмелетке толмағандардың қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар іс- әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасау фактілері туралы Құқық қоғау органдарын дереу хабардар етуде; 2) ішкі істер, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау уәкілетті органдарының лауазымды адамдарының әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау құқығын белгілеу; 3) бас бостандығынан айыру мерзімдерін ұлғайту жолымен кәмелетке толмағандарға қатысы зорлау және нәсіпқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері үшін жауапкершілікті қатаңдату; 4) кәмелетке толмағанның жыныстық қол сұғылмаушылығына қол сұғатын қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық кодекстің бірқатар баптары (120,121,122,124) бойынша өгей әке өгей шешені қылмыс субъектісі ретінде енгізу; 5) кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 127- бабына кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілікті айқындайтын нормаларды енгізе отырып, кәмелетке толмаған баланы қадағалауды жүзеге асыру міндетті функциялары кіретін ата-анасының, заңды өкілінің, педагогтың дәлелді себетерсіз орындамағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті алып тастау; 6) балалардың құқықтарын қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлеу және бекіту бөлігінде білім беру саласындағы уәкілетті органның құзіретін кеңейту; 7) өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарын құру және олардың жұмыс істеуі жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесіне енгізу; 8) аса ауыр қылмыс жасаған, қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа жетпеуіне байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылған кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстацтын арнаулы білім беру ұйымына орналастыру; 9) кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылықтан және қатыгездіктен қараудан қорғауға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелерді әзірлеу бөлігінде кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия қызметінің мәселелерін реттеу; 10) әлеуметтік-құқықтық және медициналық-психологиялық көмек көрсету үшін жергілікті атқарушы органдардың ішкі істер органдарында есепте тұрған кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ олардың ата-аналарын немесе заңды өкілдерін медициналық-әлеуметтік есепке алуды енгізу; 11) ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының бала құқықтарын қоғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектіліерге баруы үшін объектілер тізбесіне енгізу арқылы ұлттық алдын алу тетігі мандатын кеңейту; 12) әке болуды анықтау кезінде баланың әкесімен некеде тұрмайтын анасын асыраудың нақты мерзімдерін айқындау.
Тізіміне оралу