2018 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясы өтеді.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету.
«Мектепке жол» акциясына арналған брифинг 2018 жылғы 1 тамызда сағат 16.20 өтеді.
Сілтеме: http://24.kz/ru/tv-projects/brifing/item/256369-brifing-aktsiya-doroga-v...
Брифинг қатысушылары:
-
Оршубеков Нұрбек Абубекұлы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы;
-
Сәдуакасов Сақтаған Кәкімбекұлы – «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының ұйымдастыру және аймақтық жұмысы департаменті директорының орынбасары;
-
Лукьянина Ирина Владимировна - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырма бойынша аға инспекторы;
-
Мақсұтова Зейнеп Әбдіжүсүпқызы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті директорының орынбасары
-
Асанова Жазира Қанатқызы - Астана қ. Білім басқармасы бөлімінің басшысы.