Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жаңалықтар мен оқиғалар


15:57 Қазақстанның бірінші ханымы: Сара Назарбаева 78 жасқа толды

15:57 Қазақстанның бірінші ханымы: Сара Назарбаева 78 жасқа толды

Сара Алпысқызы 1941 жылы Қарағанды облысының Қызылжар ауылында дүниеге келген. Бүгін ол 78 жасқа қадам басты. Нұрсұлтан Назарбаев екеуі 1962 жылы шаңырақ құрған. Үш қызды дүниеге әкеліп, тәрбиелеген. Президенттің жұбайы 1992 жылдан бері халықаралық "Бөбек" балалар қайырымдылық қорын басқарып келеді. 1994 жылдан бері «SOS — Қазақстанның балалар ауылдары» қорына жетекшілік етіп, 1999 жылдан бері «Демография» қайырымдылық қорының қамқоршылық кеңесінің төрайымы болып табылады. Сондай-ақ Сара Назарбаева "Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік құндылықтарды жаңғырту жобасының авторы. Сілтеме: https://kaz.nur.kz/1778175-kazakstanny-birinsi-hanymy-sara-nazarbaeva-78-zaska-toldy.html
Тізіміне оралу