Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жаңалықтар мен оқиғалар


Республикалық кеңесінің кеңейтілген отырысы

Республикалық кеңесінің кеңейтілген отырысы

2019 жылғы 28 ақпанда Алматы қаласында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар басшыларының Республикалық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыс жұмысына Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты С. Айтпаева, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Н. Әлтаев, орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың басшылары, балалар үйінің түлектері қатысты. Отырысқа қатысушылар балалар үйлерінің түлектерін интернаттан кейінгі сүйемелдеу жүйесін одан әрі дамыту, сондай-ақ балалар үйлерін трансформациялаудың жаңа тәсілдері талқылады. Ерекше назар ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастыру жөніндегі мемлекеттік емес агенттіктерді құру негізінде балалар үйлерінің түлектерін қолдау, оларды табысты әлеуметтендіру және қоғамға кіріктіру мәселелеріне аударылатын болады. Сондай-ақ, отырысқа қатысушыларға асырап алушы ата-аналар мектебінің on-line-модулі таныстырылды. Республикада жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар тәрбиеленушілерінің құқықтарын қорғау жөніндегі қажетті нормативтік құқықтық база құрылды. Интернат мекемелерін деинституционализациялау және әлеуметтік жетімдіктің алдын алу стратегиясын іске асыру шеңберінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың тәрбиеленушілер санының тұрақты азаю үрдісі байқалды. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда 5 046 бала тәрбиеленуде. Соңғы 3 жылда балалар үйі тәрбиеленушілерінің саны 3 мың балаға қысқарды, бұл жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 27 ұйымның жабылуына және өзгеруіне алып келді. Бүгінгі күні білім беру жүйесінде 23 отбасы үлгісіндегі мекеме жұмыс істейді, онда 849 бала тәрбиеленеді, 2 797 бала тұратын 43 балалар үйі және мектеп - интернаттар жұмыс істейді. Денсаулық сақтау жүйесінде - 21 бала үйі, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде - 18 медициналық-әлеуметтік мекеме. Қазақстанда заманауи қоғамға тәрбиеленушілерді табысты дербес өмірге дайындау мақсатында балалар үйінің түлектеріне 208 түлек тұратын 14 жасөспірімдер үйі жұмыс жасайды. 4 өңірде 23-29 жас аралығындағы балалар үйінің түлектеріне арналған Жастар үйі жұмыс істейді. Балалар үйінің түлектері үшін жоғары оқу орындары мен колледждерге түсу кезінде квота белгіленген - мемлекеттік білім беру тапсырысының 1%-ы. Білім алу кезеңінде тегін тұру, тамақтану, киім-кешек, медициналық көмек алу, оқулықтармен, жұмсақ мүкәммалмен және жабдықтармен қамтамасыз ету қарастырылған. Осы санаттағы балалар асыраушысынан айрылған жағдайда, мүгедектігі бойынша жәрдемақы, оқу кезеңінде міндетті стипендия, сондай-ақ бірінші кезекте тұрғын үй алуға құқығы бар. Республикада балалар үйі түлектерін табысты әлеуметтендіру бағытында жасалып жатқан жұмыстар аз емес. Алайда, оларды интернаттан кейінгі сүйемелдеу мәселесі өзекті болып қалуда. Отырыс қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.
Тізіміне оралу