Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жаңалықтар мен оқиғалар


«Азаматтарды қоғамдық қабылдау» бейнеконференцбайланысы туралы

«Азаматтарды қоғамдық қабылдау» бейнеконференцбайланысы туралы

2019 жылғы 13 наурызда Қазақстан Республикасында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Ақтөбе, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары азаматтарымен қабылдау өткізді. Қабылдауға Денсаулық сақтау, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрлері, білім, ішкі істер және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің өкілдері, облыс әкімдерінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарлары, сондай-ақ өңірлердің тиісті басқармаларының басшылары қатысты. Азаматтарды қабылдауға Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша 23 адам арызданды. Өтініш берушілердің барлық өтініштері азаматтарды қабылдау барысында қарастырылды және өтініш білдірушілерге олардың проблемалық мәселелерін шешуге көмек көрсетілді. Бала құқықтары жөніндегі уәкілге өтініш білдірген азаматтар Брейсы арнайы ортопедиялық аяқ киіммен тегін қамтамасыз ету, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды ЖОО, колледжде оқу кезеңінде күтіп-бағу бойынша жәрдемақы алу жасын 23-ке дейін ұзарту, сондай-ақ «аутизм» диагнозы бар балаларды қолдау және т. б. мәселелерді заңнамаға енгізуді ұсынды. Сонымен қатар, облыс әкімдіктеріне әлеуметтік мәселелер бойынша азаматтардың түрлі жеңілдіктер мен көтермелеулерге құқықтарын түсіндіру бөлігінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылды.
Тізіміне оралу