Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жаңалықтар мен оқиғалар


2019 жылғы 30 желтоқсандағы №1005 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына баспасөз хабарламасы

2019 жылғы 30 желтоқсандағы «Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылданды. Осы қаулымен мынадай жаңлықтар көзделген: 1) Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын орындау үшін атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет енгізілді; 2) қаржы қаражатын бөлудегі ашықтықты арттыру үшін білім беру ұйымының алқалы органының функциялары құрамына ата-аналар, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіретін қамқоршылық кеңеске жүктелген. 3) мұқтаж балалар санаттарының контингентін негізге ала отырып, жалпы білім беретін мектептер арасында қаражатты барабар бөлу. 4) төтенше жағдайлардан зардап шеккен отбасылардан шыққан білім алушыларға ғана қаржылық көмек көрсету. 5) отандық өндірушілерді қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының ұлттық Кәсіпкерлер палатасы ұсынған тізбеден қызмет көрсетушілерді материалдық көмек алушылардың дербес таңдауы көзделген. Барлық аталған шаралар әлеуметтік осал санаттағы балаларға әлеуметтік қолдау көрсету тетігінің тиімділігін арттыруға бағытталған. Бұл ретте, көмек алуға құқығы бар балалардың санаттары өзгеріссіз қалды.
Тізіміне оралу