Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жаңалықтар мен оқиғалар


«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы республикалық кеңестің XІI отырысын өткізу туралы баспасөз хабарламасы

2019 жылғы 8 мамырда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті тарапынан «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру жөніндегі республикалық кеңесінің XIІ отырысы (бұдан әрі – Республикалық кеңес) өткізілді. Республикалық кеңестің мақсаты - «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды талқылау және тәжірибемен алмасу. Республикалық кеңестің жұмысына Министрлік департаменттерінің, ведомстволық бағынысты орталықтардың, білім беру органдары мен ұйымдарының, ЖОО-ның, колледждердің басшылары қатысты. Отырыста төмендегідей мәселелер талқыланды: - «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың қазіргі кезеңі туралы: жетістіктері, өзекті мәселелері мен мүмкіндіктері»; - Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Түркістан облысындағы мектептерде «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытылу жағдайы туралы; - «Адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын оқу-тәрбие процесінде интеграциялау» пилоттық жобасын іске асыратын 24 білім беру ұйымына мәртебе беру туралы»; - «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы жөніндегі өңірлік жұмыс тобы туралы ережесін бекіту; - «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарының үйлестіру кеңесін құру ережесін бекіту туралы. Қорытындысы бойынша ұсынымдамалар әзірленді.
Тізіміне оралу