Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жаңалықтар мен оқиғалар


«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы негізінде тәрбиелеу мен оқыту жүйесін қалыптастыру» Қазақстан Республикасы білім және ғылым қызметкерлерінің республикалық форумының секциялық отырысының  БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы негізінде тәрбиелеу мен оқыту жүйесін қалыптастыру» Қазақстан Республикасы білім және ғылым қызметкерлерінің республикалық форумының секциялық отырысының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2019 жылғы 15 тамызда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығымен бірлесіп Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің Республикалық тамыз конференциясы шеңберінде «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы негізінде тәрбиелеу мен оқыту жүйесін қалыптастыру» атты тақырыптағы секциялық отырысты өткізді. Отырысқа облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының Білім басқармаларының басшылары, «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша базалық білім беру ұйымдарының басшылары, «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарының үйлестіру кеңесінің мүшелері және «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы бойынша жаттықтырушылары қатысты. Отырыс шеңберінде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру туралы, тұлғаның үйлесімді зияткерлік және рухани-адамгершілік дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелеу және оқыту жүйесінің негізі ретінде, оның бірыңғай білім беру кеңістігіне интеграциясы туралы, жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде өңірлерде жүргізілетін жұмыс туралы және басқа да мәселелер туралы баяндамалар тыңдалды. Отырыстың қорытындысы бойынша білім алушылардың үйлесімді интеллектуалдық және адамгершілік-рухани дамуы үшін жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу және оқыту жүйесін жетілдіру саласындағы білім беру ұйымдарының қызметін ұйымдастырушылық-әдістемелік сүйемелдеу бойынша ұсынымдамалар әзірленді.
Тізіміне оралу