Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жаңалықтар мен оқиғалар


ҚР білім және ғылым министрлігінің   кеңейтілген алқа отырысының қорытындысы бойынша  ПРЕСС РЕЛИЗ (Астана қ., 2019 ж. 15 ақпан)

ҚР білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысының қорытындысы бойынша ПРЕСС РЕЛИЗ (Астана қ., 2019 ж. 15 ақпан)

2019 жылғы 15 ақпан күні Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Отырыс барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Е.К. Сағадиев 2018 жылғы атқарған жұмысының негізгі қорытындыларын шығарып, 2019 жылға арналған міндеттері айқындады. Іс-шараға Үкімет мүшелері, Парламент Мәжілісі, облыс әкімдерінің орынбасарлары, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың білім беру басқармаларының басшылары, ректорлар мен жоғары оқу орындары қауымдастығының өкілдері, ЮНИСЕФ халықаралық балалар қоры, үкіметтік емес ұйымдар және т.б. қатысты. Шақырылған қонақтар ретінде қатысты Кеңейтілген алқа отырысына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Д.Н.Назарбаева және Б.С.Әйтімова, сондай-ақ Президент Әкімшілігінің өкілдері қатысады. Кездесу барысында Балалар құқығын қорғау мәселелері бойынша Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Раиса Петровна Шер «Бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету-заманауи қоғамның әл-ауқатының кепілі» тақырыбында баяндама жасады. Өз сөзінде Р. П. Шер Президенттің тапсырмасы бойынша өткен жылы жүргізілген балалардың әл-ауқаты индексін зерттеу нәтижелерін жариялады. Сонымен қатар ол балалардың қауіпсіздігі, буллинг, кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты қатыгездік пен құқық бұзушылықтар, суицид мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Өз баяндамасының шеңберінде Р.П. Шер балаларды сабақтан тыс уақытта жұмыспен қамту және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерінің өзектілігін атап өтті.
Тізіміне оралу