Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жаңалықтар мен оқиғалар


«Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгiлік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 229 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасы туралы баспасөз хабарламасы

«Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгiлік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 229 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасы туралы баспасөз хабарламасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгiлік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 229 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасын әзірледі. Жоба 2019 жылдың 9 – 23 сәуір аралығында ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында талқылау үшін орналастырылған. Ескертулер жоқ. Жоба «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесімен оң келісілген. Бұйрықта жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының функциялары кеңейтіледі, оның ішінде тәрбиеленушілерді биологиялық отбасына, ал мүмкін болмаған жағдайда тәрбиеленушілерді қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронатқа, асырап алуға, баланы қабылдайтын отбасына орналастыру жөніндегі жұмысты жүзеге асыру, тәрбиеленушілерді қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронатқа, асырап алуға, баланы қабылдайтын отбасына орналастыру үшін психологиялық дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Сондай-ақ бұйрықпен өмірде қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталықтарының функцияларын кеңейту көзделеді.
Тізіміне оралу