Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жаңалықтар мен оқиғалар


«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндікті өткізу туралы баспасөз хабарламасы

Оқушылардың адамгершілік-рухани тәрбиесі қазіргі білім беру жүйесінің басты міндеті болып табылады.

Мемлекет басшысы 2012 жылғы 27 қаңтардағы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «Патриотизм, мораль және адамгершілік нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, дене және рухани даму, заңға бағыну. Бұл құндылықтар меншік нысанына қарамастан барлық оқу орындарында сіңірілуі тиіс» екенін атап өтті.

Әлеуметтік маңызды құндылықтарды, азаматтық пен патриотизмді қалыптастыру және дамыту «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының тұтас жүйесі арқылы іске асырылады.

2019 жылғы 1-12 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен барлық білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндігі өткізілуде.

Онкүндіктің мақсаты – адамгершілік-рухани білім беру жүйесін жандандыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу, оларды өздігінен білім алуға, тәрбиелеу мен өзін-өзі жетілдіруге ынталандыру.

Онкүндік шеңберінде білім алушылардың, педагогтардың, ата-аналардың белсенді қатысуымен жеке тұлғаның адамгершілік-рухани тәрбиесін, өзін-өзі тану мен өзін-өзі жетілдірудің практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған іс-шараларды өткізу жоспарлануда.

2019 жылғы 12 ақпанда онкүндік аясында республиканың білім беру ұйымдарында 1 және 2 ауысымдарының бірінші сабақтарында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша сабақтар өткізіледі.

Тізіміне оралу