Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жаңалықтар мен оқиғалар


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетовтың ҮЕҰ өкілдерімен кездесудің баспасөз хабарламасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетовтың ҮЕҰ өкілдерімен кездесудің баспасөз хабарламасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетовтың ҮЕҰ өкілдерімен кездесудің баспасөз хабарламасы 2019 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Алматы қаласындағы жұмыс сапары барысында балалардың құқықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесудің мақсаты - азаматтық сектормен өзара іс-қимылдың жаңа тетіктерін қарастыру және балалардың өмір сүру сапасын қамтамасыз етудің әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету үшін тиімді шаралар қабылдау. ҚР Білім және ғылым министрі өз сөзінде балаларға қатысты құқық бұзушылықтар, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, бала асырап алу жөніндегі мемлекеттік емес агенттік құру, регламенттеу және жұмыс істеуін қамтамасыз ету, жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, сондай-ақ психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиялардың (ПМПК) және инклюзивті білім беру қызметін атап өтті. Кездесу аясында ҮЕҰ өкілдерінің бірлескен қызметін жетілдіру, мемлекеттік функцияларды бәсекелі ортаға беру, мүмкіндігі шектеулі балалар мен мүгедек балалардың жағдайын жақсарту туралы ұсыныстары тыңдалды. Кездесу бейресми, сындарлы жағдайда өтті. Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар бала асырап алу жөніндегі агенттіктердің және Отбасын қолдау орталықтарының қызметін қолдауға және рөлін күшейтуге ортақ пікірге келді.
Тізіміне оралу