Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жаңалықтар мен оқиғалар


Қазақстанда Отбасы күніне арналған  «Отбасы – бақыт мекені» республикалық апталық  өткізу туралы  БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстанда Отбасы күніне арналған «Отбасы – бақыт мекені» республикалық апталық өткізу туралы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде 2019 жылдың 8-14 қыркүйек аралығында барлық білім беру ұйымдарында «Отбасы – бақыт мекені» атты тақырыптық апталық өтуде. Мақсаты-отбасы құндылықтарын насихаттау, ата-аналарды отбасылық ағартуды жандандыру, отбасы мен мектептің өзара іс-қимыл механизмдерін жасау. Тақырыптық апталық ата-аналарды, балаларды, педагогтарды келесі іс-шараларда біріктіреді: конференциялар, дөңгелек үстелдер, тренингтер, дебаттар, сынып сағаттары және ата-аналар жиналыстары, флэш-мобтар, турнирлер мен спорттық жарыстар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық акциялар және т.б. Өмірлік қиын жағдайдағы балаларға ерекше көңіл бөлінеді. Тақырыптық аптаның жұмысына заңгерлер, ювеналдық полиция инспекторлары, психологтар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және т. б. қатысады. «Отбасы – бақыт мекені» республикалық апталық аясында өткізілетін іс-шаралар Министрліктің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Facebook әлеуметтік желісінде жарияланатын болады. Facebook әлеуметтік желісіндегі біздің парақшамызға қосылуға шақырамыз https://www.facebook.com/bala.edu.gov.kz/
Тізіміне оралу