Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жаңалықтар мен оқиғалар


Жазғы кезеңінде балалардың демалысын, сауықтырылуын, жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру және балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту мәселелері бойынша  республикалық семинар-кеңесінің   БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Жазғы кезеңінде балалардың демалысын, сауықтырылуын, жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру және балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту мәселелері бойынша республикалық семинар-кеңесінің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2019 жылғы 10 сәуірде "Балдәурен" оқу-сауықтыру орталығы базасында жазғы демалыс кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және ұйымдастыру, балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту мәселелері бойынша республикалық семинар - кеңес өткізілді. Семинар-кеңеске қатысушыларға Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы таныстырылды. Семинар-кеңес жұмысына орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, балалар-жасөспірімдер туризмі станциялары мен орталықтарының 200-ге жуық өкілдері және балаларды сауықтыру ұйымдарының басшылары қатысты. Кеңеске қатысушылар жазғы демалыс кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру, балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту, жазғы кезеңде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру кезінде өрт қауіпсіздігін және судағы қауіпсіздікті, балаларды сауықтыру ұйымдарындағы санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, балаларға арналған сауықтыру лагерлерінің қызметін ұйымдастырудың жаңа тиімді әдістерін қолдану бойынша тақырыптық секциялар, мастер-кластар өткізілді. Семинар-кеңес жұмысының қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірленді.
Тізіміне оралу