Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жаңалықтар мен оқиғалар


БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Мемлекет басшысының Қазақстанның VIII Азаматтық форумында «Ана Үйі» ҚҚ базасында бала асырап алу (қыз асырап алу) жөніндегі мемлекеттік емес агенттікті құру, регламенттеу және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелерін пысықтау жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері арасынан ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.

2019 жылғы 1 ақпанда ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Е.Е. Ерсаиновтің төрағалығымен ведомствоаралық жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.

Бала асырап алу жөніндегі мемлекеттік емес агенттіктердің қызметін, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды беру рәсімі кезінде бала қабылдаушы ата-аналарды оқыту және сүйемелдеу бойынша олардың өкілеттіктерін заңнамалық бекіту, сондай-ақ осы отбасыларды одан әрі сүйемелдеу мәселелері талқыланды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің, «Ана Үйі» Қоғамдық Қорының, «Отбасы академиясы» қоғамдық қорының, «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасысының, әділет, білім және ғылым министрліктердің, «SOS Балалар ауылы» корпоративтік қорының өкілдерінің аталған агенттіктердің қызметіне қатысты пікірлері тыңдалды.

ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Тізіміне оралу