Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жаңалықтар мен оқиғалар


БҰҰ бағдарламасын дамыту өкілдерімен кездесу туралы

БҰҰ бағдарламасын дамыту өкілдерімен кездесу туралы

2019 жылғы 21 тамызда Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде БҰҰ бағдарламасын дамыту өкілдерімен Еуросоюз және «Strive Asia» біріккен ұлттар ұйымының –Азиядағы зорлық-зомбылық экстремизміне төзімділікті дамыту атты бірлескен жобасын іске асыруда Қазақстан Республикасының қажеттілігін бағалау мақсатында контртеррористік бағдарламаны іске асыру мәселелері бойынша кездесу өтті. Әңгімелесу барысында Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі Министрдің кеңесшісі Р.П.Шер Сириядан оралған кәмелетке толмағандарды әлеуметтендіру және оңтайландыру бойынша мемлекеттік органдардың әрекеттерімен, сонымен қатар, суицидтің және балалар арасындағы сәтсіздіктердің алдын алу мәселелерімен қонақтарды таныстырды. Контртеррористік бағдарламаны іске асыру жөніндегі кеңесші Мари Лоран білім, денсаулық сақтау, құқық қорғау органдары саласындағы мүдделі ұйымдармен бірлескен әрекеттерге бағытталған үш жобаны іске асыру жоспарлануда екендігін атап өтті. Конструктивті диалог нәтижесінде екі жақ барлық аталған мәселелерді шешуде алдағы уақытта тығыз байланыса отырып жұмыс жасайтындығын келісті.
Тізіміне оралу