Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жаңалықтар мен оқиғалар


Бала асырап алу (қыз асырап алу) жөніндегі мемлекеттік емес агенттік құру, оны регламенттеу және оның қызмет атқаруын қамтамасыз ету мәселелерін пысықтауға қатысты берілген тапсырмасын орындау бойынша жұмыс жүргізуде

Бала асырап алу (қыз асырап алу) жөніндегі мемлекеттік емес агенттік құру, оны регламенттеу және оның қызмет атқаруын қамтамасыз ету мәселелерін пысықтауға қатысты берілген тапсырмасын орындау бойынша жұмыс жүргізуде

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 28 қарашада Қазақстанның VIII Азаматтық форумында «Ана Үйі» қоғамдық қоры негізінде бала асырап алу (қыз асырап алу) жөніндегі мемлекеттік емес агенттік құру, оны регламенттеу және оның қызмет атқаруын қамтамасыз ету мәселелерін пысықтауға қатысты берілген тапсырмасын орындау бойынша жұмыс жүргізуде. Осы тапсырманы орындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылды, оның құрамына Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, әділет, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, қоғамдық даму министрліктерінің, "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, сондай-ақ халықаралық және қоғамдық ұйымдардың өкілдері енгізілді. Сонымен қатар бала асырап алу бойынша ұқсас агенттіктердің жұмысы жөнінде халықаралық тәжірибе зерделеніп, жұмыс тобының мүшелерінен бала асырап алу жөніндегі мемлекеттік емес агенттіктерді құру туралы ұсыныстар енгізілуде. Осы агенттіктердің жұмыс істеуі жөніндегі барлық ұсыныстар жұмыс тобының отырысында талқыланатын болады.
Тізіміне оралу