Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жаңалықтар мен оқиғалар


Нұр-сұлтан қаласында тамақтану сапасына мониторинг жүргізу бойынша ведомствоаралық сараптама тобымен кездесу өтті

Нұр-сұлтан қаласында тамақтану сапасына мониторинг жүргізу бойынша ведомствоаралық сараптама тобымен кездесу өтті

Балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерді таңдау бойынша конкурстық рәсімдерді электрондық форматқа ауыстыру шеңберінде Министрлік барлық мүдделі органдармен және ұйымдармен бірқатар жұмыс кеңестерін жоспарлады. Бүгін Нұр-сұлтан қаласында тамақтану сапасына мониторинг жүргізу бойынша ведомствоаралық сараптама тобымен кездесу өтті. Аталған кездесу аясында балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес сапалы тамақтануын қамтамасыз ету, қызмет көрсетушілерді таңдау критерийлері, сараптамалық топтар қызметінің алгоритмі және т. б. мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, бұрын электрондық қаржы орталығының, апелляция басқармасының, сондай-ақ ҚР Қаржы министрлігінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің өкілдерімен жұмыс кеңестері өткізілді. Кездесу қорытындысы бойынша жаңартылған талаптар мен қызметтерді жеткізушілерді таңдау критерийлері талқыланды, олар басқа да мүдделі тараптармен талқыланатын болады. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Тізіміне оралу