Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жаңалықтар мен оқиғалар


Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі Уәкіл,  ҚР Парламенті Сенатының депутаты С. М. Айтпаеваның жұмыс сапары туралы ақпарат

Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі Уәкіл, ҚР Парламенті Сенатының депутаты С. М. Айтпаеваның жұмыс сапары туралы ақпарат

2019 жылғы 16-17 мамыр аралығында Бала құқықтары жөніндегі Уәкіл, ҚР Парламенті Сенатының депутаты С. М. Айтпаева Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесе Жамбыл және Түркістан облыстарына жұмыс сапарымен барды. Жұмыс сапарының негізгі мақсаты өскелең ұрпақты тәрбиелеу, баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша халықпен кездесу болды. Уәкілмен кездесуге құқық қорғау жүйесінің барлық мүдделі мемлекеттік органдарының, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, облыстық және қалалық мәслихаттардың, ҮЕҰ, ата-аналар қоғамдастығының, БАҚ, жастар қанатының өкілдері және өңірлердің балалар қозғалысының белсенділері, кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшылары және т. б. шақырылды. Кездесу барысында баланың ең жақсы мүдделерін қамтамасыз ету, балалардың лайықты білім алу мен тәрбиеге, тұрғын үйге құқығы, балалардың жазғы демалысы мен сауықтырылуын, бос уақытын ұйымдастыру, баланы тәрбиелеу үшін ата-ананың жауапкершілігін арттыру мәселелері талқыланды, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы өзіне-өзі қол жұмсау, оларға қатысты және олардың арасында құқық бұзушылықтар мәселелері көтерілді. Кездесу ашық, сындарлы диалог түрінде өтті, онда әр адам өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты қандай да бір мәселелер бойынша өз көзқарасын айтуға мүмкіндік алды. С.М. Айтпаева өз сөзінде тек үйлестірілген іс-әрекеттер, әрбір мемлекеттік органның, лауазымды тұлғаның, кез келген азаматтың жауапкершілігі, олардың балалардың тағдырына немқұрайлы қарамауы балалар үшін қауіпсіздік пен бақытты болашақты, яғни елдегі ұрпақтардың лайықты ауысуын қамтамасыз ете алатынын атап өтті. Сондай-ақ, әңгіме барысында Сәуле Мұханбедианқызы ересектерге арналған ең дана мұғалім бала екенін атап өтті. "Шыдамдылық, сабырлыққа, сүйіспеншілік пен сыйластықты біз дәл сол бала арқылы үйренуіміз керек, себебі өмірде пайдалы сабақты тек балалардан ғана аламыз", - деп түйіндеді. Сапар аясында білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау объектілерін де аралап шықты. Осылайша, Жамбыл облысында өмірде қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына барған кезде орталықтың тәрбиеленушілері өздерінің болашақ жоспарларымен бөлісті,мектеп пен Орталықтың қоғамдық өміріндегі өз жетістіктерімен мақтан тұтты. Балалар өздерінің тұратын ошағымен сүйсіне таныстырып, Орталықтың қызметінің басты мақсаты отбасылық, рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтай білу екендігін атап өтті. Сондай-ақ С. М. Айтпаева "Үміт" балалар үйінде болып, балаларға арналған Монтессори бөлмесінің ашылуында құрметті қонақ болды, Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілерімен кездесіп, әңгіме өткізді, олардың өмірімен және тұрмысымен танысып, олардың өз болашағын лайықты жоспарлау жөнінде аналық кеңесін берді. Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы мектепке барған кезде балаларға сауатты психологиялық, әлеуметтік көмек көрсетудің, олардың қоғамдағы әлеуметтенуі мен болашақта кәсіби бағдар берудің маңыздылығын атап өтті, үш отбасы тұратын және күндізгі уақытта 34 бала тәрбиеленетін «Қамқор жүрек» қоғамдық қорының қызметкерлерімен кездесті. Сапардың мақсаты балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болғандықтан, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл балаларды тасымалдауға арналған автокөліктерді қарап шығып, оларды жабдықтау жөнінде ескерту жасады. Кездесу қорытындысы бойынша С. М. Айтпаева отбасылық тәрбие, ата-аналар мен балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру, ата-аналардың балалар үшін жауапкершілігі (алимент, ажырасу, тұрғын үй, жұмысқа орналасу, лайықты білім беру), ақпараттық қауіпсіздік (БАҚ-тағы жағымсыз ақпараттың артуы) мәселелеріне қатысушылардың назарын тағы да аударды, қоғамды, барлық мемлекеттік органдардың өкілдерін келісілген бірлескен іс-әрекеттерді күшейтуді, белгіленген проблемаларды жою үшін баланың игілігі үшін белсенді шаралар қабылдау қажеттілігін айтты. Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл балалар арасындағы буллинг мәселесі бойынша Шымкент қаласындағы № 66 орта мектепке барды. Мектеп әкімшілігімен білім, отбасы және балалар жөніндегі басқарма басшылары, ішкі істер органдарының қызметкерлерін шақырылуымен Уәкілдің ата-аналар, мектеп оқушылары және педагогтарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу қорытындысы бойынша қала басшылығы және мектеп әкішілігіне алдағы уақытта осындай даулы жағдайларға жол бермеу үшін психологиялық қызметті күшейтіп, ата-аналар жұртшылығымен тиісті жұмысты жалғастыру тапсырылды. Жұмыс іс-сапары барысында 600-ден астам адам кездесумен қамтылды.
Тізіміне оралу