Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жаңалықтар мен оқиғалар


«Қазақстан – мейірімділік мекені» - «Казахстан – территория доброты» республикалық балалар бастамасын өткізу туралы  ақпарат

«Қазақстан – мейірімділік мекені» - «Казахстан – территория доброты» республикалық балалар бастамасын өткізу туралы ақпарат

2019 жылғы қаңтарда республикада «Қазақстан – мейірімділік мекені» - «Казахстан – территория доброты» республикалық балалар бастамасы басталды. Іс-шараны ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті болып табылады. Бастама мақсаты – қоғамға риясыз қызмет етуді насихаттауға және идеяны таратуға қоғамның назарын аудару, айналасындағы көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық істер және табиғатқа қамқорлық жасауға балаларды уәждейтін іс-шараларды ұйымдастыру. Міндеттері: • Балаларды айналасындағыларға мейірімді, қайырымды қатынасқа тәрбиелеу қажеттілігіне кең қоғамның назарын аударту; • Қазақстандық қоғамда мейірімділіктің және қоғамға риясыз қызмет етудің мәртебесін бекіту; • Балалардағы өзіне, айналасындағыларға деген жауапкершілік, бауырмалдылық және рақымдылық сезімдерін дамыту; • Балалардың игі істерге қатысуын және олардың жасына және мүмкіндігіне қарай қолдан келетін қайырымдылық істердің балалар тарапынан жасалуын қамтамасыз ету; • Балалардың шығармашылық қабілеттіліктерін анықтау үшін қосымша мүмкіндіктерді ұсыну, оларды игі істерді ұйымдастыруға және өткізуге белсенді түрде тарту. Бастамаға 1-11 сынып аралығындағы оқушылар, педагогтар, ата-аналар, қоғам қайраткерлері қатысады. Бастамаға қатысушы балалардың жас ерекшелігі шектелмеген. Кіші мектеп жасындағы оқушылар әлеуметтік белсенділікті анықтау тәжірибесін жинақтауға, жеке және бірлескен істердің жасаудың негіздерін меңгеруге, өзіне және айналасындағыларға пайда әкелуді үйренуге, өзінің жеке әлсіз және мықты жақтары туралы алғашқы түсінігін қалыптастыруға мүмкіндік беретін әртүрлі қызмет түрлерінде ересектермен және біршама үлкен оқушылармен бірге тартылады. Балақайлар егде және жалғыз басты адамдар туралы ойлаудан, ата-аналарына көмектесуден, автобуста үлкендерге орын беруден, үй жануарларына қамқор болудан және құсқа жем салатын астау жасаудан бастауларына болады. Жоғары және орта буын оқушылары аналарына, әкелеріне, әжелеріне, аталарына арнап акциялар мен фестивальдерді, концерттерді өткізудің, өз замандастарына деген риясыз достығы мен жылы сөздермен көмектесудің бастамашысы бола алады. Іс-шараларда кішкентай оқушыларды қолдау және тарту. Әлеуметтік желілерде, мектеп газеттері мен журналдарда игі істерді насихаттау. Бұқаралық ақпарат құралдарын балалар бастамасына ақпараттық қолдау көрсетіп, балалар жасаған игі істер туралы кеңінен жариялауға шақырамыз.
Тізіміне оралу