Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жаңалықтар мен оқиғалар


«Білім беру саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 17 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»» бұйрық жобасы туралы баспасөз хабарламасы

«Білім беру саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 17 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»» бұйрық жобасы туралы баспасөз хабарламасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Білім беру саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 17 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»» бұйрық жобасын әзірледі. Жоба 2019 жылдың 16 –30 сәуір аралығында ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында талқылау үшін орналастырылған. Жобаны әзірлеу барысында келіп түскен ұсыныстар ескерілді. Жоба «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесімен оң келісілген. Бұйрықпен білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің мынадай стандарттары: «1) Білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласында білім беру ұйымдары ұсынатын арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты; 2) Орталықтар білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты; 3) Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабылдаған адамдар ұсынатын білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты бекітіледі.
Тізіміне оралу