Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жаңалықтар мен оқиғалар


24 тамызда Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Н.Оршубеков ЮНИСЕФ халықаралық эксперттерімен кездесті.

Ағымдағы жылғы 24 тамызда Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Н.Оршубеков ЮНИСЕФ халықаралық эксперттері Бианкони Флавио Италиана, Какама  Пфенни Туриатунгамен кездесті.

Кездесу барысында қатысушылар балалар құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету бойынша TransMonEE көрсеткіштерін, БҰҰ жаһандық зерттеу шеңберінде деректерді жинақтау әдістемелерін, сонымен қатар интернат мекемелеріндегі балалар туралы деректерге түзету жөнінде мәселелерді талқылады.

ЮНИСЕФ өкілдері баяндамаларда пайдаланылатын терминология мен анықтамаларды қазақстандық деректерге сәйкестендіру үшін қайта қарауды ұсынды.

Кездесудің қорытындысы бойынша интернаттық мекемелердегі балаларға арналған әкімшілік деректер жинағына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар енгізілді.

Тізіміне оралу