Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жаңалықтар мен оқиғалар


«Қазақстандағы балалардың жағдайын талдау»  есеп жобасын талқылау бойынша ЮНИСЕФ БҚ Дөңгелек үстелге қатысқаны туралы

«Қазақстандағы балалардың жағдайын талдау» есеп жобасын талқылау бойынша ЮНИСЕФ БҚ Дөңгелек үстелге қатысқаны туралы

2019 жылы 21 мамырда Нұр-сұлтан қаласында БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қоры есебінің «Қазақстандағы балалардың жағдайын талдау» жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына балалар құқықтарын қорғау Комитетінің, ішкі істер, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, ақпарат және қоғамдық даму, сыртқы істер министрліктерінің қызметкерлері, сондай-ақ ҮЕҰ өкілдері қатысты. Баяндаманың жобасын талқылау барысында дөңгелек үстелге қатысушылар соңғы бес жылда балалардың құқықтарын іске асыру саласында бірқатар оң үрдістер мен инклюзивті білім беруге қатысты мәселелерді шешу, еліміздің шалғай елді мекендеріндегі білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту, сапалы тамақтануды, оның ішінде ауыз сумен қамтамасыз ету және т. б. ұсыныстар ұсынды. Дөңгелек үстел аталған аралық баяндаманы сындарлы талқылаумен аяқталды.
Тізіміне оралу