Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жаңалықтар мен оқиғалар


БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАЛУ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ БОЙЫНША ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУ

БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАЛУ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ БОЙЫНША ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУ

2018 жылы жыл сайынғы «Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы» баяндама әзірлеу шеңберінде Қазақстанда балалардың құқықтық қорғалу деңгейін бағалау мақсатында Комитет тапсырысы бойынша Сандж зерттеу орталығы «Балалардың құқықытық қорғалу деңгейін анықтау бойынша» әлеуметтік зерттеу өткізді. Зерттеу 14 облыстарда, сондай-ақ Алматы, Астана, Шымкент республикалық маңызы бар 3 қалада өткізілді. Зерттеудің сандық (сауалнамалау) және сапалық (терең сұхбат) әдістерімен өткізілді. Сауалнама арқылы 8 жастан 18 жастағы 4341 балаға, 620 балалармен жұмыс істейтін мамандарға (білім беру, денсаулық, әлеуметтік сақтау саласындағы, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар), 160 директорлерге/орынбасарларға , 494 ҚР оқу- тәрбие мекемелерінің педагогтарына сұрақтар қойылды. Зерттеу шеңберінде балалардың құқықтық қорғалу деңгейі бағаланды, балалардың өз құқықтарын білу деңгейін және оларды тәжірибе жүзінде қолдану деңгейі, ата-аналармен, мұғалімдермен, тәрбиешілермен және бала тәрбиесіне қатысатын басқа да тұлғалармен, мемлекеттік қызмет өкілдерімен БҰҰ бала құқықтары туралы Конвенцияның негізгі ережелерінің орындалуы анықталды. Әлеуметтік зерттеу қорытындысы бойынша ақ ата-аналар, органдар және білім беру ұйымдарының бала құқықтарын қорғау мәселесімен айналысатын мамандар үшін Қазақстандағы балалардың құқықтық қорғалу деңгейі» әдістемелік құралы әзірленді және баспадан шығарылды, сондай-ақ балаларды құқықтық қорғауды жақсарту бойынша ұсынымдар берілді.
Тізіміне оралу