Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жаңалықтар мен оқиғалар

Білім және ғылым министрлігінде мүдделі мемлекеттік органдар мен ЮНИСЕФ БҚ өкілдерінің қатысуымен Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы Конвенция (бұдан әрі - Конвенция) нормаларының құқық қолдану тәжірибесін талқылау бойынша отырыс өтті

2019 жылдың 24 қыркүйегінде Білім және ғылым министрлігінде мүдделі мемлекеттік органдар мен ЮНИСЕФ БҚ өкілдерінің қатысуымен Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы Конвенция (бұдан әрі - Конвенция) нормаларының құқық қолдану тәжірибесін талқылау бойынша отырыс өтті. Отырыста Конвенцияны іске асыру саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған балалардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге келуі мен кетуі кезінде жиі туындайтын мәселелер қозғалды. Балаларды Халықаралық ұрлау жағдайларында дереу әрекет ету механизмін әзірлеу үшін балаларды олардың елдеріне заңсыз әкетудің жиілеп кеткен жағдайларын талқылау бойынша ТМД елдерінің елшіліктерінің өкілдерімен кездесуді ұйымдастырудың орындылығы, сондай-ақ конвенцияның іске асырылуын талдау кезінде халықаралық сарапшыларды тартудың қажеттілігі атап өтілді. Отырыс қорытындысында Конвенцияны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары мен іс-шаралар алгоритмін әзірлеу туралы шешім қабылданды.
Тізіміне оралу