Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жаңалықтар мен оқиғалар

Республиканың дарынды және келешегі мол балаларына қолдау көрсету және ынталандыру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 8-9 қараша аралығында Астана қаласында «Балаға мейірімді Қазақстан» атты республикалық балалар форум-фестивалі (бұдан әрі –Форум-фестиваль) өтеді.  Республикалық Форум-фестивальдің мақсаты - «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы негізінде өскелең ұрпақтың жасампаз азаматтық ұстанымы мен бай рухани құндылығын қалыптастыру.  Балалар Форум-фестивалінің жұмысына республиканың барлық өңірлерінен келген 320 балалар қоғамдық ұйымдарының көшбасшысы, республикалық және халықаралық интеллектуалды олимпиадалардың және шығармашылық байқаулардың жеңімпазы қатысады.  Форум-фестивалге қатысушы балалар үшін мастер класстар мен Қазақстанның белгілі тұлғаларымен кездесулер ұйымдастыралы  Форум-фестивальге қатысушы балалар Астананың көрнект жерлерін аралайды.  Форум-фестивальдің салтанатты аяқталуында Форум-фестивальге қатысушылардың гала-концерті болады.  Форум-фестивальге қатысушы балаларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілетін болады.  Өткізу орны: Астана қ., ЭКСПО 2017 аумағы, «Холл Энергии» залы  Форумның ашылуы: 8 қараша сағат 10.00  Форумның жабылуы мен республикалық форум-фестивальға қатысушы-балалар концерті: 9 қараша, сағат 18.00-де, Астана қ., ЭКСПО 2017 аумағы, «Холл Энергии» залы.