Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жаңалықтар мен оқиғалар


Бала құқықтары туралы конвенцияның  БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылдануының 30 жылдығын, Қазақстан Республикасында ратификациялануының 25-жылдығын мерекелеуді өткізу бойынша ПРЕСС-РЕЛИЗ

Бала құқықтары туралы конвенцияның БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылдануының 30 жылдығын, Қазақстан Республикасында ратификациялануының 25-жылдығын мерекелеуді өткізу бойынша ПРЕСС-РЕЛИЗ

30 жыл бұрын 1989 жылдың 20 қарашасында БҰҰ Бас Ассамблеясы Бала құқықтары туралы Конвенцияны қабылдады. 1994 жылы Бала құқықтары туралы Конвенцияны Қазақстан Республикасы ратификациялады. Конвенция – бірегей халықаралық балалар Конституциясы. Бұл халықаралық құжат тек бала құқықтарының тізбесін ғана емес, ең алдымен балалардың экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет өзіне жүктеген міндеттемелерін білдіреді. Бүгінгі күні Бала құқықтары туралы конвенцияны 195 мемлекет ратификациялаған. Конвенция балалардың өмірін қайта құруға көмектесті, мемлекеттерді өздерінің заңдары мен саяси ұстанымдардын өзгертуге, балалық шаққа қаражат салуға итермеледі. Конвенцияның арқасында балаларды зорлық-зомбылықтан және қанаудан қорғау саласында бұрыңғыларына қарағанда жетілдірілген жүйелер құрылды. Конвенция балаларға дауыс беру құқығын және өз елдерінің қоғамдық өміріне қатысу мүмкіндігін берді. Білім және ғылым министрлігі атаулы күндерді мерекелеу құрметіне ү.ж. 25 қазан мен 25 қараша аралығында «Балалар үшін бірге» атты Бүкіл Қазақстандық акциясын жариялады. Акция шеңберінде мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балалар, оқушы жастар, педагогтар мен ата-аналар үшін балалар мен ересектердің Конвенцияның негізгі ережелері туралы, өз құқықтары мен міндеттері туралы хабардар болуын арттыруға, балалардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға, баланың өмірін жақсартуға жәрдемдесуге бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Негізгі іс - шаралардың ішінде – «Отбасы – тәрбие басы, Мектеп – тәрбие жаршысы» атты бірыңғай сынып сағаты, БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар қорымен бірлесіп «Қазіргі және болашақ: әр бала үшін қорғалған балалық шақ» атты дүниежүзілік сабақ, «Бала құқығы-адам құқығы» декадасы, «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз Балалық шақ» республикалық ақпараттық кампаниясы, түрлі тәрбиелік, тақырыптық, оқыту және дамытуға бағытталған іс-шаралар бар. БҰҰ Бала құқықтары туралы Конвенциясының қабылдануының 30 жылдығы мен Қазақстан Республикасында ратификациялануының 25 жылдығын және Дүниежүзілік бала күнін мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспары ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайтында орналастырылған, сондай-ақ облыстардың, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктеріне жолданды. Сілтеме; http://bala.edu.gov.kz/main/profile/planning-coordination-analysis-and-statistics/element=6310/
Тізіміне оралу