Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жаңалықтар мен оқиғалар


Ағымдағы жылдың 3 сәуірінде Білім және ғылым вице-министрі   Б. Асылованың төрағалығымен жұмыс тобының отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 3 сәуірінде Білім және ғылым вице-министрі Б. Асылованың төрағалығымен жұмыс тобының отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 3 сәуірінде Білім және ғылым вице-министрі Б. Асылованың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қазақстанның VIII Азаматтық форумында «Ана Үйі» ҚҚ базасында бала асырап алу жөніндегі мемлекеттік емес агенттікті құру, регламенттеу және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелерін пысықтау жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері арасынан ведомствоаралық жұмыс тобы жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа ҚР Парламенті Мәжілісінің, Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, әділет, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, сондай-ақ халықаралық және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Отырыс барысында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру жөніндегі мемлекеттік емес агенттіктердің қызметін осы агенттіктерді аккредиттеуді жүргізу бөлігінде заңнамалық бекіту мәселелері талқыланды. Аккредиттеу ақпарат және қоғамдық даму, әділет, денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің келісімі бойынша іріктеу өлшемдері негізінде жүргізілетін болады. Бұл агенттіктерге асырап алушы ата-аналарды оқыту, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру кезінде асырап алушы ата-аналарды сүйемелдеу, сондай-ақ осы отбасыларды одан әрі сүйемелдеу жөніндегі өкілеттіктер беру жоспарлануда. Бұдан басқа, отырыста 2030 жылға дейінгі балалар мүддесінде мемлекеттік саясат Тұжырымдамасының және іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобалары таныстырылды. Тұжырымдаманың негізгі мақсаттары дене бітімі, зияткерлік, рухани, адамгершілік дамуына ықпал ететін жағдайлар жасау арқылы балалардың өмір сүру сапасын жақсарту, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде: - Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы заңнамасын жетілдіру; - балаларды қорғау жүйесінің институционалдық негіздерін нығайту; - мемлекеттік органдармен, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету; - барлық санаттағы балалардың сапалы білім, медициналық және әлеуметтік қызмет алуына жағдай жасау болжанып отыр.
Тізіміне оралу