Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жаңалықтар мен оқиғалар


Балалар әлеуметтік бастамаларының конкурсы "Менің бастауым - менің ауылыма - 2019» Баспасөз хабарламасы

Балалар әлеуметтік бастамаларының конкурсы "Менің бастауым - менің ауылыма - 2019» Баспасөз хабарламасы

2019 жылғы 1 ақпанында республиканың барлық білім беру ұйымдарында «Менің бастауым - менің ауылыма – 2019» балалар әлеуметтік бастамаларының конкурсы басталады. Конкурсты ұйымдастыру мен өткізуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары жүзеге асырады. Конкурстың мақсаты балалардың балалық шақтың мәселелерін шешуіне қатысуға конвенциялық құқығын іске асыру болып табылады. Конкурс тақырыбына сәйкес, жоба ауылдық жерлердегі балалардың қажеттіліктерін анықтауға және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Конкурсқа қатысу үшін: білім беру ұйымдарының оқушылары, соның ішінде интернаттық мекемелердің оқушылары, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, мүмкіндігі шектеулі балалар, сондай-ақ балалардың қоғамдық бірлестіктері, балалардың бастамашыл топтары шақырылады. Конкурс 2019 жылдың 20 сәуіріне дейін өткізіледі және екі кезеңмен өтеді: аудандық, облыстық. Конкурс шарттарының бірі мәслихат депутаттарының, жергілікті атқарушы органдар, «Нұр Отан» партиясы, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен қоғамдық тыңдауларда жобаларды қорғау болып табылады. Үздік балалар жобалары Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің ресми сайтында және «Балалар бастауы-2019» әлеуметтік жобалар жинағында орналастырылады.
Тізіміне оралу