Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жобалар

«Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 361 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»» бұйрық жобасы туралы баспасөз хабарламасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 361 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»» бұйрық жобасын әзірледі. Аталған жобамен «Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу» және «Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту» екі мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бірігуіне байланысты «Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу немесе аккредиттеу мерзімін ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің жаңа регламенті бекітіледі. 2019 жылғы 22 тамыз – 6 қыркүйек аралығында жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды. Жобаны жария талқылау барысында келіп түскен ұсыныстар жобаны әзірлеу кезінде ескерілді. Жоба «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесімен, Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындарының қауымдастығымен және Жеке меншілік білім беру ұйымдарының республикалық қауымдастығымен оң келісілген.
Тізіміне оралу