Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жобалар

«Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсетудің Тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 350 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бұйрығының жобасына баспасөз-релиз

Бұйрық жобасы мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастырумен, жұмсау бағытымен және оларды есепке алумен байланысты қызметтерді бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізу жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын жақсарту мақсатында мемлекеттік білім беру тапсырысымен байланысты қызметтер көрсетудің тізбесіне мемлекеттік білім беру мекемесінің білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне материалдық көмек көрсетудің енгізілуін көздейді.
Тізіміне оралу