Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жобалар

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің әзірленген бұйрық жобасы туралы баспасөз релизі

«Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрық жобасын (бұдан әрі – бұйрық жобасы) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі әзірлеген. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі бұйрығының көрсетілген жобасын қабылдаудың мақсаты Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес келтіру болып табылады. Бұйрық жобасын жүзеге асыру мемлекеттік бюджет қаражатынан қосымша шығындарды талап етпейді және әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.
Тізіміне оралу