Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жобалар

«Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгiлік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 229 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы «____»________№ ____ бұйрығына анықтама

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгiлік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 229 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі бұйрығының жобасын (бұдан әрі – жоба) әзірледі. Жоба 2019 жылғы 9 мен 23 сәуір аралығында ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесі, 2019 жылғы 3 мамырдағы № 388 хатында жоба бойынша ұсынымдардың жоқтығы туралы хабарлады. Жоба келесі ұйымдармен оң келісілді: 1) «Атамекен» Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы – 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 4826/30 хаты; 2) Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының қауымдастығы – 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 170-А-19-ЭЗ хаты; 3) «Жеке меншік ұйымдардың республикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі – 2019 жылғы 11 маусымдағы № 1681хаты.
Қолданбаны жүктеңіз (ПРИКАЗ КАЗ мю.docx - 102.81Кб) Қолданбаны жүктеңіз (срав каз.docx - 43.43Кб)
Тізіміне оралу