Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жобалар

«Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 301 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасына баспасөз хабарламасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 301 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасын әзірледі. Жоба 2019 жылдың 8 – 22 мамыр аралығында ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында талқылау үшін орналастырылған. Жобаны әзірлеу барысында ұсыныстар түспеді. Жоба «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесімен, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының қауымдастығымен оң келісілген. Қазақстан Республикасының Үкімет қаулысының жобасы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің жанынан Үйлестіру кеңесінің қызметін заңнамадағы нормаға сәйкес реттейді.
Қолданбаны жүктеңіз (пп-кз.docx - 23.34Кб)
Тізіміне оралу