Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жобалар

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) «Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 14 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10285 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 наурызда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

 көрсетілген бұйрықпен бекітілген Патронаттық тәрбие туралы ережеде:

 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 «10. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге алуға тілек білдірген адам органға мынадай құжаттарды:

1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш);

2) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесін;

3) егер патронат тәрбиешi болуға тiлек бiлдiрген адам некеде тұраса, зайыбының (жұбайының) нотариалды куәландырылған келiсiмiнің көшірмесін;

4) егер некеде тұрса, некеге тұру туралы куәліктің көшірмесін;

5) тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттардың көшірмесін;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12127 болып тіркелген) бекітілген Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуына мүмкін болмайтын.

Тізіміне оралу