Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жобалар

«Иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің меншігіндегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 927 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің меншігіндегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 927 қаулысына (ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 05.01.2018 ж.) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбесінде:

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Халықты әлеуметтік қорғау объектілері, Астана қаласының жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарын қоспағанда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, сәбилер үйлері, сондай-ақ қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға арналған мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелер (ұйымдар).»

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс. 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                   Б. Сағынтаев

Қолданбаны жүктеңіз (СРАВНИТЕЛЬНАЯ ТАБЛИЦА каз.docx - 16.27Кб) Қолданбаны жүктеңіз (Пояснительная зап каз.docx - 23.94Кб)
Тізіміне оралу