Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жобалар

Баланың құқықтарын қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағын бекіту туралы

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

«Баланың құқықтарын қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы  28 желтоқсандағы № 708 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 832 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 85-бабының 2-тармағы 3)-тармақшасына және 141-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. «Баланың құқықтарын қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы  28 желтоқсандағы № 708 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 832 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12844 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 11 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бірлескен бұйрықтың 1 және 2-қосымшалары осы бірлескен бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.

2.  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Н.Ә. Оршубеков) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және  3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға және  Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі   С.М. Жұманғаринге жүктелсiн.

4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстн Республикасының

Білім және ғылым министрі

_____________ Е. Сағадиев

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика аминистрі

_____________ Т. Сүлейменов


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 708 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 832 бірлескен бұйрығына қосымша
Қолданбаны жүктеңіз (prilozheniya-k-sovmestnomu-prikazu-ministra-obrazovaniya-i-nauki-rk-ot-28-dekabrya-2015-goda-708-i-io-ministra-natsionalnoy-ekonomiki-rk-ot-30-dekabrya-2015-goda-832-kz.docx - 62.42Кб)
Тізіміне оралу