Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жобалар

Орта білім беру ұйымдарында оқитын балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, тауарларды

Орта білім беру ұйымдарында
оқитын балаларды тамақтандыруды
ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін
қызметтерді, тауарларды, сонымен
қатар мектепке дейінгі ұйымдарында,
жетім балалар мен ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған білім беру ұйымдарында
тәрбие алатын және оқитын
балаларды тамақтандыруды
қамтамасыз етуге байланысты
тауарларды жосықсыз берушілердің
тізбесін қалыптастыру қағидаларын
бекіту туралы


«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Орта білім беру ұйымдарында  оқитын балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің тізбесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

2. «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында оқитын және тәрбиеленетін балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, тауарларды жосықсыз берушілердің тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 414 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14079 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Н. Оршубеков) заңнамада белгіленген тәртіппен:

  1. осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
  2. осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
  3. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
  4. осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі                               Е. Сағадиев

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы ______________
№ _________ бұйрығымен бекітілген

Орта білім беру ұйымдарында  оқитын балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің тізбесін қалыптастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Орта білім беру ұйымдарында  оқитын балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің тізбесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-6)-тармақшасына сәйкес әзірленді және Орта білім беру ұйымдарында  оқитын балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің тізбесін (бұдан әрі - Тізбе) қалыптастыру тәртібін айқындайды.

2. Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) Балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті;

2) өнім беруші – тапсырыс берушiмен мемлекеттiк сатып алу туралы жасасқан шартта оның контрагенті ретiнде әрекет ететiн, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлғаға жекеменшік құқығымен тиесілі тұрғынжайды тапсырыс берушілер сатып алған жағдайда, мұндай жеке тұлға өнiм берушi болуы мүмкiн;

3) тапсырыс берушілер (конкурсты ұйымдастырушы) – ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық басқарушы компанияларды, ұлттық компанияларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, оның ведомстволарын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдарды және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғаларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік органдар, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар.

2-тарау. Жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің
тізбесін қалыптастыру тәртібі

3. Заң күшіне енген сот шешімі негізінде конкурсты ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында оқитын және тәрбиеленетін балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жосықсыз берушілердің, тауарлардың тізбесін қалыптастырады.

4. Тізбе осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде қалыптастырылады және:

1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12788 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 717 бұйрығымен бекітілген Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларына сәйкес біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат берген;

2) оны конкурс жеңімпазы деп таныған жағдайда шарт жасасудан жалтарған;

3) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды олармен жасалған жеткізу шарты немесе шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған өнім берушілер туралы (бұдан әрі – өнім беруші) мәліметтерді қамтиды.

5. Конкурсты ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) осы Қағидалардың 4-тармағының 1), 2), 3)-тармақшаларында қарастырылған жағдайларда мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында оқитын және тәрбиеленетін балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді беруші тарапынан бұзушылық фактілерін білген күнінен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей өнім берушіні жосықсыз беруші деп тану үшін сотқа жүгінеді.

6. Конкурсты ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) жосықсыз өнім беруші деп тану туралы күшіне енген сот шешімін алған күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде оны Тізбеге қосады және интернет-ресурсқа орналастыру үшін балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) жібереді.

7. Уәкілетті орган Тізбені алған күннен бастап оны бір жұмыс күн ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырады.

8. Өнім беруші, оны жосықсыз әлеуетті өнім беруші деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап 24 (жиырма төрт) ай мерзімге Тізбеге енгізіледі.

9. Конкурсты ұйымдастырушы осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін өнім берушіні Тізбеден шығарады.

10. Жосықсыз өнім беруші деп тану туралы шешімнің күшін жою туралы күшіне енген сот актісі болған жағдайда, жосықсыз өнім беруші туралы мәліметтері бар Тізбедегі жазбаны конкурсты ұйымдастырушы тиісті сот актісін алған күнінен бастап бір жұмыс күн ішінде алып тастайды.

11. Тізбе өзгерген кезде конкурсты ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) үш жұмыс күн ішінде ақпаратты уәкілетті органға жібереді.

Орта білім беру ұйымдарында  оқитын
балаларды тамақтандыруды
ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін
қызметтерді, тауарларды, сонымен қатар
мектепке дейінгі ұйымдарында, жетім
балалар мен ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған білім беру ұйымдарында
тәрбие алатын және оқитын балаларды
тамақтандыруды қамтамасыз етуге
байланысты тауарларды жосықсыз
берушілердің тізбесін қалыптастыру
қағидаларына қосымша

Орта білім беру ұйымдарында  оқитын балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің тізбесі

Жосықсыз әлеуетті өнім беруші (өнім беруші) туралы ақпарат

Өткізілген конкурс туралы мәліметтер

Әлеуетті өнім берушіні жосықсыз әлеуетті өнім берушілер тізбесіне қосу негіздемесі, сот шешімінің күшіне енген күні

Әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) атауы

Әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) орналасқан жері

жеке сәйкестендiру нөмiрі/ бизнес-сәйкестендiру нөмiрi

конкурс қорытындысын жүргізу күні

Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында оқитын және тәрбиеленетін балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің атауы

 

Тізіміне оралу