Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.
Сенім телефондары: +7 (7172) 742-528, 111

Жобалар

«Асырап алынған баланың өмір сүру, оқу, тәрбие жағдайлары туралы және денсаулық жағдайы туралы есепті ұсыну қағидалары мен мерзімдерін және оның нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Асырап алынған баланың өмір сүру, оқу, тәрбие жағдайлары туралы және денсаулық жағдайы туралы есепті ұсыну қағидалары мен мерзімдерін және оның нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 551 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 14319 болып тіркелген, «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 24 қазанда жарияланған) өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бала асырап алушылар және шетелдік бала асырап алушылар Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына (бұдан әрі – уәкілетті орган) бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бала он сегіз жасқа толғанға дейін алғашқы үш жылда әрбір алты ай сайын, кейінгі жылдары – жылына кемінде бір рет есеп ұсынады.».

Мындай мазмұндағы14 және 15-тармақтармен толықтырылсын:

«14. Есеп уәкілетті органға түскен жағдайда, уәкілетті орган қызметкері есептің электронды нұсқасын Республикалық деректер банкіне енгізеді.

15. Есептің электронды нұсқасын Республикалық деректер банкіне енгізгеннен кейін есеп бала асырап алу туралы сот шешімі шыққан жер бойынша органға жіберіледі.».

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Н.Ә. Оршубеков) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін баспа ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсiн.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі                                                     Е. Сағадиев

Тізіміне оралу